Өзбекстан СІМ Прилепиннің мәлімдемесінен кейін Ресей елшісін шақырды


22/12/2023
15:18 11068 0

Фото: RTVI

Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі ресейлік «Әділетті Ресей – Шындық үшін» партиясының тең төрағасы Захар Прилепиннің мәлімдемесіне байланысты Ресей елшісін Олег Мальгиновты шақырды.

Прилепин қоғамдық іс-шаралардың бірінде Өзбекстан аймақтарын Ресейге қосып алуды ұсынған.

– Кездесу кезінде елшіге ойланбастан айтылған мәлімдемелер Өзбекстан мен Ресейдің тарихи достық келісіміне кесірін тигізуі мүмкін екені жеткізілді. Өз кезегінде Мальгинов Ресей Өзбекстанның егемендігі және аймақтық бүтіндігіне ешқашан күмән туғызбағанын айтты, – деп жазылған өзбек СІМ-нің ресми мәлімдемесінде.

Бір күн бұрын Захар Прилепин Ресейдегі мигранттар мәселесін елге жаңа аймақтарды қосып алу арқылы шешсе болатынын жеткізген. 

– Бізге гастарбайтерлер келіп жатқан аймақтарды қосып алып, адамдарды сол жерлерде, мысалы Өзбекстанда оқыту керек деп есептеймін, – деген Прилепин.

Ол сонымен бірге Украинадағы соғыста ықтимал жеңіске жеткеннен кейін Ресейге бұрынғы СССР аймақтарын талап етуге ешкім тыйым сала алмайнын айтқан.

– Мен қалжыңдап тұрған жоқпын. Біз бұл тақырыпты көтереміз. Өз кезегінде бұл бізге қалаған уақытта "Біздің екі миллион азаматымыз сіздердің аймақта жүргендіктен, біз бұл аймақты талап етсек болады" деп айта аламыз, – деген Прилепин.

Захар Прилепин — Еуропа одағының санкция тізіміндегі адамдардың бірі. Ол кезінде жікшілдер «Донецк халық республикасы» деп аталған аймақтағы командирлердің бірі болған.

 

Поделиться

Нет комментариев.

22/12/2023 15:18
11068 0

Уведомление